іздеу
Басты бет

ҚР Білім және Ғылым министрлігі және «CRYSTAL EDUCATION» компаниясы білім саласындағы жаңа жетістік - «Мобилді мектеп» жобасын ұсынады.
21 ғасыр ақпараттық технологиялар заманы, сондықтан «Мобилді мектеп» жобасы заман көшінен қалғысы келмейтін заманауи ата-ана үшін таптырмайтын жетістік. Өйткені, бұл жоба жұмысбасты ата-анаға баласының үлгерімін дер кезінде, әрі кез-келген жерде қадағалап отыруына мүмкіндік береді. Ата-аналардың басым бөлігі ұлының немесе қызының оқу үлгеріміне үңілуді көп жағдайда, кейінгі орынға ысырып жатқаны. Олар үшін маңыздысы - баласының киімі көк, тамағы тоқ болса, болғаны. Ал, баласының сабағын қадағалау қызметтерін күйкі тірліктің көлеңкесінде қалдырады. Сөйтіп, жұмыстан шаршап келген ата-ана баласының соңғы рет қай сабақтан, қандай баға алғандығын қадағаламақ түгілі, үй тапсырмасына көмектесуге дәрмені келмей жататыны ақиқат. Алайда, қазіргідей жаңа технологиялар заманында бұл мәселенің де шешімі табылды. Ол үшін, Сізге «Мобилді мектеп» жобасы көмекке келеді.
«Мобилді мектеп» жобасының бір бағыты - смс-күнделік.
СМС-КҮНДЕЛІК - бұл мектептегі заманауи ақпараттық технология, яғни бүгінгі заман сұранысына сай жаңа жетістік.
СМС-күнделік бұл мектепішілік ақпаратпен әрқашан және кез-келген жерде құлақтандырып отыратын СМС-хабарлама.
Бұл оқушылар мен олардың ата-анасына мектептегі барлық маңызды шаралар мен оқушының оқу үлгерімі, бағасы, сондай-ақ сабаққа қатысуы жөнінде СМС-хабарлама арқылы толыққанды мағлұмат беруге мүмкіндік беретін жүйе.
«СМС-КҮНДЕЛІКТІҢ» МҮМКІНДІКТЕРІ:
Оқушылардың жалпы оқу үлгерімін көтереді
Мұғалімдердің оқу процесін ұйымдастыру жұмыстарын жеңілдетеді
Оқушының тәрбиесі мен оқу үлгерімін жақсартуда ата-ана мен ұстаз арасындағы қарым-қатынасты нығайтады
Ел мектептеріндегі ақпараттандыру деңгейін көтеруге атсалысады
Жобаны ел мектептеріне енгізуге ҚР Білім және Ғылым министрілігі қолдау көрсетіп отыр
Кез-келген ата-анаға баласының сабаққа қатысқан, қатыспағандығы туралы хабарлап отырады
Баласының оқу үлгерімі туралы ақпаратты да ата-анаға дер кезінде жеткізіп отырады
Сабақ кестесінде болған өзгерісті де уақытында хабарлайды
Ата-аналар жиналысы туралы толыққанды ақпарат беру мүмкіндігі зор
Мектеп жиналысының қай уақытта өтетіндігі туралы ата-аналарға арнайы шақырту жібереді
Оқушының жетістіктері туралы ақпарат тарату
Мерекелік шаралар туралы ақпараттандыру
Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, бүгінгі күні осы мазмұндас жобалар дамыған елдердің барлығында дерлік жүзеге асырылып жатыр. Сондықтан да ол елдерде осыған ұқсас жүйені қолдану қалыпты норма ретінде қабылданып, тіпті өзінің тиімділігін әлдеқашан дәлелдеп те қойған. Мәселен, 2004 жылы жүзге жуық ағылшын мектебі ақпараттық жүйеге қосылып, нәтижесінде осыншама білім мекемесінің оқушылары өздерінің оқу үлгерімі туралы ата-аналарына СМС-хабарлама алып тұруға мүмкіндік берген.
Сол сияқты 2003 жылы Біріккен Араб әмірліктеріндегі мектептер СМС-хабарлама жүйесіне қосылу арқылы, ата-ананы мектеп өміріндегі маңызды жаңалықтармен құлақтандырып, баласының оқу үлгерімі туралы оларға толыққанды ақпарат жіберуді бастаған.
СМС-күнделік жүйесі тіпті, экономикалық жағдайы біздің елмен салыстырғанда, әлдеқайда орташа Үндістан мектептеріне де енгізілген. Бұл жүйені шығарушы компания СМС-хабарламаны кең көлемде тарату технологиясын қолданады. Сөйтіп, үнділік мектеп үйлестірушілері ата-анаға баласының мектеп өміріндегі тәртібі мен оқу үлгерімі туралы толыққанды ақпарат таратып отырған.
Ал, Латвия елінде СМС-күнделік «электрондық сынып» атауын еншілепті. Атауы өзге жүйенің қолданылу тәртібі де қызық. Өйткені, күнделігінде «екілігі» көп оқушының ата-анасы үлгілі оқушының ата-анасына қарағанда, жүйенің қызметақысын көбірек төлейді. Төлем келген хабарламаның мөлшерімен жасалады. Сөйтіп, көп ескертпе алған оқушы ата-анасының қалтасына қомақты салмақ түсірмек.
СМС-күнделіктің қолданылу аясының географиялық ауқымы да кеңейіп келеді. ХОРВАТИЯ, СИНГАПУР, РЕСЕЙ, УКРАИНА, БЕЛОРУССИЯ.












